НАМАЗДЫ БҰЗАТЫН НӘРСЕЛЕР: Біліп немесе қателесіп жасалған кезде Ханафи мазһабында намазды бұзатын нәрселердің елу бесі төменде:
1) Дүниелік сөздер сөйлеу.
2) Өзі еститіндей дәрежеде күлу.
3) Амали кәсир деп аталатын нәрсе істеу (көп қимылдар жасау).
4) Парыздың бірін үзірсіз тәрк ету.
5) Байқамай (қалаусызда) парыздың бірін тәрк ету.
6) Дүниелік істер үшін дауыстап жылау.
7) Үзірсіз (себепсіз) жөтелу.
8) Сағыз шайнау.
9) Бір рүкінде үш рет бір жерді қасу немесе қолды көтеріп бір-біріне ұру.
10) Мүсафаха ету (біреумен қол алысу).
11) Ифтитах тәкбірін өзі еститіндей дауыспен алмау.
12) Өзі еститіндей дәрежеде оқымау.
13) Біреу шақырғанда «Лә хаула уәлә қууата иллә билләһил алийил азыйм» немесе «Субханаллаһ», «Лә илаһә иллаллаһ» деу. Намаз оқып жатқанын білдіру ниетімен айтылған болса, намаз бұзылмайды. Сұраған адамға жауап беру ретінде айтылса намаз бұзылады.
14) Саналы түрде (өзі біліп) біреудің сәлеміне жауап беру.
15) Ауыздағы шекер сияқты нәрселердің дәмін, ләззатын сезіп, пайда болған сілекейдің тамаққа кетуі.
16) Далада намаз оқып жатқанда ауызды аспанға қарай қатты ашу салдарынан үстінен жауып тұрған жаңбыр немесе бұршақ сияқты жауынның тамаққа кетіп қалуы.
17) Жануардың тізгінін үш рет тарту.
18) Үш рет қолды көтеру немесе үш рет бит, бүрге және сол сияқты жәндіктерді езіп өлтіру.
19) Бір рүкінде үш қыл жұлу.
20) Үш әріп қылып «йуф», «пүф» деу.
21) Аттың үстінде дінімізге сай намаз оқылып жатқанда бір аяқпен үш рет үзеңгіні тебу.
22) Үзеңгіні екі аяқпен бір рет тебу.
23) Имамнан ілгері тұру.
24) Үзірсіз бір сап шамасында аттау, жүру.
25) Шаш пен сақалды тарау.
26) Имам еркектер мен әйелдер үшін ниет еткен жағдайда, еркек пен әйел бір сапта тұрып, намазды имамға ұйып, бір-біріне жақын (тақалып) оқулары. (Бір сапта, яғни бір-біріне жақын (тақалып) тұрмаса немесе араларында перде бар болса жаиз болады. Әйелдер мен қыздардың мешітке бару үшін немесе қандай-да бір себеппен басы, қолы, жалпы айтқанда әурет жерлері ашық күйде көшеге шығулары харам болып табылады. Мұндай жағдайда жасаған ғибадаттары сауап емес, үлкен күнә болады.)
27) Өз имамынан басқа адамға көмектесу. (Яғни басқа имам қыраатта тоқтап қалған болса, оқуына жәрдем ету).
28) Бір әйел арттағы бос жерде имамға ұйып тұрса, кейіннен келген жамағат сап болып сол әйелдің тұрған жеріне дейін жақындаса, оның оңындағы, солындағы және артындағы сапта тұрған үш адамның намазы бұзылады.
29) Баласын құшақтау.
30) Бір нәрсе жеу немесе ішу.
31) Тісінің арасында қалған ноқат көлеміндей нәрсені жұту.
32) Екі қолмен жағаны жабу, бастағы бас киімді қолмен шешу немесе шешіп, қайтадан кию.
33) Бір жаман хабар есіткенде «Инна лиллаһ уә иннә илайһи ражи’ун» деу.
34) Бір қуанышты хабар есіткен кезде «Әлхамдулиллаһ» деу.
35) Бір қаулы бойынша намаз ішінде түшкірген кезде «Әлхамдулиллаһ» деу.
36) Жанындағы біреудің түшкіргеніне «Йәрхамукаллаһ» деу.
37) Басқа біреу түшкіргенде «Йәхдикумуллаһ» деу.
38) Күйеуінің намаз оқып жатқан әйелін сүюі.
39) Намаздың ішінде дұға еткен кезде алтын, күміс және басқа да дүниелікке қатысты бір нәрсе тілеу.
40) Кеудені құбыладан бұру. Құбыла тарапын екі жолмен табуға болады: 1) Құбыла бұрышы арқылы.2) Құбыла уақыты арқылы. 1) Картада бір қала мен Мекке арасында бір сызық сызылса, бұл сызық «құбыла бағыты» болады. Мұның оңтүстіктен айырмашылығы «құбыла бұрышы» болады.2) Күнтізбеде көрсетілген «құбыла сағаты» уақытында күнге қараған адам құбылаға қараған болады.
41) Сәждеде екі аяқты да жерден көтеру.
42) Құранды мағынасы бұзылатындай етіп қате оқу.
43) Әйелдің баласын емізуі.
44) Басқа біреудің айтуымен орын ауыстыру.
45) Жануарды қамшымен үш рет ұру.
46) Жабық тұрған есікті ашу.
47) Үш әріпке дейін жазба жазу.
48) Сыртқа киімді кию.
49) Қаза намаздары алтыдан аз болса, бұлардың еске түсуі.
50) (Кемеде, пойызда) және жануардың үстінде үзірлі болып парыз намазды оқып жатқанда құбыладан басқа жаққа бұрылу.
51) Жануардың үстіне жүк жүктеу.
52) Көңілімен (іштей діннен шығу) мүртәд болу.
53) Жүніп болу немесе әйелдің хайзының келуі.
54) Имамның «дәретім бұзылды» деген оймен орнына басқа біреуді өткізуі.
55) Мағынаны бұзатындай дәрежеде әріптерді өзгертіп Құран оқу. (Ибн Абидин “рахимәһуллаһу та’ала” намаздың сүннеттерін түсіндіре бастағанда былай деген: «Намаздың сыртында тұрған адамға ұйып оқылған намаз сахих болмайды. Имамның және муәззиннің (азаншының) жамағатқа естілетін дәрежеден артық дауыс шығарулары мәкрух болып табылады. Имамның және муәзиннің, намазға тұру үшін тәкбір айтылып жатқан кезде намазды бастауға ниет етулері қажет. Тек жамағатқа ғана естіртуді ниет ететін болса, намаздары сахих болмайды. Бұларға ұйығандардың да намаздары сахих болмайды. Имамның дауысы жетіп тұрған болса да, муәззиннің намаз ішіндегі тәкбірлерді дауыстап қайталап айтуы мәкрух және жаман бидғат болады. Қажеттілік туындаған кезде дауыстап айтуы мүстаһаб болатын болса да, әуендетіп оқуды ойлайтын болса, намазы бұзылады.» Бұл жерден де аңғарылып тұрғанындай, имамның және муәзиннің жамағатқа микрофонмен дауыстарын естіртулері, әрі жамағаттың намазын бұзады. Намаздары сахих болмайды. Сонымен қатар жаман бидғат болады. Бидғат жасау үлкен күнә болып табылады. Басқа жерде намаз оқып жатқан имамның теледидардан көрінген және дауысы да есітілген имамның бейнесіне ұюдың сахих болмайтындығы Үндістан ғалымдарының Малаппурам қаласында басып шығарған «Әл-му’аллим» журналының рабиул-әууәл айы, 1406 жыл және желтоқсан айы, 1985 жылғы он екінші нұсқасында дәлелдермен жазылған.)
НАМАЗДЫ БҰЗБАЙТЫН НӘРСЕЛЕР: Алдында бос сап бар кезде бір немесе екі қадам аттап барса, «әмин» десе және бұл сөзі біреуге жауап болмаса, қасымен және көзімен бір адамның сәлемін алса, біреу келіп «қанша рәкат оқыдыңыздар» деп сұраған кезде оған саусақтарымен ишарат етсе, бұл жағдайлардың ешқайсысы намазды бұзбайды.
Салат деп – сөздікте Аллаһу та’аладан рахмет және періштерлерден истиғфар, мүминдерден дұға тілеуге айтылады. Терминдік мағынасы – әф’али мә’лума және әркани махсуса, қазақ тілінде бұған намаз оқу делінеді. Әф’али мә’лума – намаздың сыртында жасаған амалдарымызға, әркани махсуса – намаздың ішіндегі рүкіндерге айтылады, бұлар тек намазға ғана тән.
Сондай-ақ, бір күні Расулуллаһ “саллаллаһу алейһи уәсәлләм” хазреті Әлиге “кәрәмаллаһу уәжһәһу уә радиаллаһу анһ”: «Йа Әли! Сенің намаздың парызына, уәжібіне, сүннетіне, мүстаһабына мән беруің керек» деген кезде, ансарлардан бір кісі: «Йа Расулаллаһ! Хазреті Әли бұлардың бәрін біледі. Бізге намаздың парызына, уәжібіне, сүннетіне, мүстаһабына мән беріп оқудың құндылығын айтып беріңіз. Біз сол бойынша амал етейік.» – деді. Расулуллаһ “саллаллаһу алейһи уәсәлләм” былай деді: «Ей үмбетiм және сахабаларым! Намаз – Аллаһу та’аланың разылығы, періштелердің сүйіктісі, пайғамбарлардың сүннетi, марифеттің нұры, амалдардың абзалы, дененiң қуаты, ризықтың берекетi, жанның нұры, дұғаның қабыл болуына себепшi, өлім періштесінің алдында шапағатшы, қабiрде жарық, Мүнкәр мен Нәкир періштелерінің сұрақтарына жауап, қиямет күнінде көлеңке, тозақпен арадағы перде, сыраттан найзағай сияқты өткізуші, жәннатта бастарыңа тәж, жәннаттың кiлтi.»
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024