Сұрақ: Бір оқырманның «Расулуллаһ алейһиссалам екіндінің сүннетін кейде оқымайды екен. Бізге де кейде тәрк етіп тұруымыз сүннет пе, бұл нәрсе Расулуллаһқа еру, бағыну болып саналады ма?» деген сұрағына «Расулуллаһ алейһиссалам кейде екіндінің сүннетін тәрк ететін деп сүннетті тәрк ету сүннет болмайды, тек ғибадат ету ғана сүннет болады, ғибадатты тәрк ету сүннет болмайды» деп жауап берген едіңіз. Бұл қате емес пе? Расулуллаһқа ұқсау үшін Оның бүкіл жасағандарын істеу, жасамағандарын істемеу керек емес пе?
Жауап: Расулуллаһ алейһиссаламның бүкіл жасағандарын істеу, жасамағандарын істемеу қажет емес. Яғни Расулуллаһқа бүкіл тұрғыдан ұқсауға тырысу жаиз емес. Өйткені "Мәуәһиби Ләдуннийа" кітабында білдірілгені бойынша, амалдар ішінде тек пайғамбарымызға ғана тән болған парыздар мен харамдар бар. Мысалы құрбандық шалу, сәске (духа) намазы, таң намазының сүннеті мен таһажжүд (түнгі) намаз оқуы, мисуак қолдануы, бір істі бастарда истишара жасауы (ақылдасуы), көрген жерде немесе уақытта күнә болған бір істі өзгертуі, бастаған ісін бітіруі тек пайғамбарымызға ғана тән болған парыздардан болатын. Расулуллаһқа тән харамдар да бар. Кітапты кәпір болған әйелге үйленуі, зекет, садақа алуы харам, бай болса да зекет беруі парыз емес еді. Бұл тұрғыда көптеген мысалдар бар. Мәуаһиб кітабындағы бірнеше мысалды атап өтейік:
1) Пайғамбарымыз төрттен астам әйелге үйленген. Оған ұқсау үшін төрттен артық әйелге үйлену сүннетке мойынсұну болмайды, керісінше харам болады.
2) Пайғамбарымыздың жазба жазуы харам еді. Бір аяти кариманың мағынасы мынадай: «Аллаһқа және Оның үмми нәби болған Расулына бағыныңдар да, дұрыс жолды табыңдар.» (Араф 158)
Ал бір хадис шәрифтің мағынасы мынадай:
«Біз жазба жазуды білмейтін үмми болған үмбетпіз.» (Бұхари)
Расулуллаһқа бағыну үшін мүлдем жазбай қою сүннетке мойынсұну болады ма сонда?
3) Мирас қалдыруы харам еді. Бір хадис шәрифтің мағынасы мынадай:
«Біз – пайғамбарлар мирас қалдырмаймыз. Бізге ешкім мұрагер бола алмайды.» (Бұхари, Мүслим, Әбу Дауд, Тирмизи, Нәсаи)
Осы хадисте айтылғанға қарсы шыққандай біздің мирас қалдыруымыз харам болмайды. Керісінше діннің әміріне бағынған боламыз. Бір хадис шәрифтің мағынасы мынадай:
«Мұрагерлерді бай қылатындай мөлшерде көп мүлік қалдыру, оларды кедей күйде қалдырудан әрине қайырлырақ.» (Бұхари, Мүслим) Мирас қалдырмау сүннетке мойынсұну болмайды.
4) Пияз (жуа), сарымсақ сияқты жаман иісті нәрселерді жеуі пайғамбарымызға харам еді. Бір хадис шәрифтің мағынасы мынадай:
«Қасыма періште келетін болғандықтан, мен пияз бен сарымсақ жемеймін.» (Хаким)
Расулуллаһқа ұқсау, оған бағыну үшін пияз бен сарымсақ жемей қою сүннетке мойынсұну болады ма?
5) Өлең (тақпақ) оқуы харам еді. Бір хадис шәрифтің мағынасы:
«Өлең оқу мен үшін харам.» (Әбу Дауд)
Өлең оқымау сүннетке мойынсұну болады ма? Егер сондай болғанда, көптеген ғалымдар мен әулиелер өлең жазбайтын еді.
6) Қарыздар болып қайтыс болған мүминнің қарызын өтеу оған парыз еді. Бір хадис шәрифтің мағынасы:
«Өлген мүминнің қарызы бар болса, мұны өтеу менің мойныма парыз болып табылады.» (Мүслим)
Расулуллаһқа ұқсау үшін өлгендердің барлығының қарызын өтеуіміз қажет емес.
7) Расулуллаһтың зекет алуы харам болғанындай, зекет беруі де парыз емес еді. Үш хадис шәрифтің мағынасы мынадай:
«Мен садақа және зекет алмаймын.» (Мүслим)
«Менің және әһли бәйтімнің зекет алуы халал емес.» (Нәсаи, Әбу Дауд)
«Біздің зекет алуымыз халал емес.» (Тирмизи, Әбу Дауд)
Имам Мүнауи хазреттері былай деген:
Пайғамбарларға зекет парыз емес, өйткені зекет – мүліктің ластығын тазалайды. Ал пайғамбарлар ластанудан пәк, жер бетінде Аллаһтың ең сенімді қылып жаратқан адамдары еді. (Жами-ус-сағир шәрһі)
Расулуллаһқа ұқсау үшін бай адамның зекет бермей қоюы сүннетке мойынсұну болады ма? Керісінше харам болады. Бұл сияқты мысалдар өте көп. Расулуллаһ ғайри муәккад сүннеттерді кейде тәрк еткендіктен, біздің де тәрк етуіміз Оған ұқсау немесе бағыну емес, Оның әміріне қарсы шығу болады. Өйткені Ол намаз оқыңдар деген, намазды қалдырыңдар демеген.
Қорытынды: Сауап келтіретін амалды орындау сүннет болады, ал сауаптан мақрұм қалдыратын амалды істеу сүннет болмайды.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024