Босанған әйелдің күнәлары кешіріледі

Сұрақ: Босану кезінде қайтыс болған мұсылман әйел шәһид болады ма?

Жауап: Иә, шәһид болады. Шәһидтің парыз амалдардағы қарыздары және құл ақыларынан басқа бүкіл күнәлары кешіріледі. Үш хадис шәрифтің мағынасы мынадай:

«Әйел жүктілік кезінен босанғанға дейін және сәбиін емізе бастағаннан сүттен шығаратын күнге дейін Аллаһ жолында қарауылдық қызметіндегі мүджаһид сияқты болады. Осы кездерде қайтыс болатын болса, оған шәһид сауабы бар.» (Табарани)

«Жүкті кезінде, босанып жатқанда және нифас уақытында қайтыс болған әйел – шәһид.» (Әбу Дауд, Табарани)

«Әйел жүкті кезінде күндіз саим (ораза тұтқанның), түнде қаим (ғибадат еткеннің) және Аллаһтан қорқатын мүджаһидтің сауабын алады. Ауру күшейген кезде оған берілетін сауаптың көптігін ешкім біле алмайды. Сәбидің әр емгенінде бір жан тірілткендей сауап алады.» (Әбушшәйһ)