Сұрақ: Кісінің сөзін бөлудің діндегі орны қандай?
Жауап: Сөйлеп жатқан адамның сөзін бөлу әдепсіздік болып табылады. Хадис шәрифте былай делінген:
«Бір дін бауырың сөйлеп жатқанда үндемей тұру мурууәт болып табылады.» (Хатиб)
Мурууәт – адамгершілік, ерлік, жақсылық, жомарттық, пайдалы болу деген сияқты мағыналарды береді, яғни жағдайлардың ең жақсысына мән беру деген сөз.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024