Мейірім мен жомарттық

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Мейірім иманнан туындайды. Бұл дін осы күнге дейін мейірім арқылы жеткен. «Ант етіп айтамын, кімде-кім Аллаһу та’аланың махлұқтарына (жаратқандарына) мейірімділік жасаса, Аллаһ оған да мейірімділік жасайды» хадис шәрифі мейірімнің маңызын білдіруде. Расулуллаһтың хазреті Хасан мен хазреті Хусейнді сүйгенін көрген бір кісі «Менің он балам бар. Әлі ешбірін сүймедім» дейді. Ол адамға «Мейірімділік жасамаған адам мейірімге қауыша алмайды» деп жауап береді. «Жомарттық – жақсы мінез болғаны соншалық, адамның жаман мінездерін жабады. Сараңдық – жаман мінез болғаны соншалық, адамның жақсы мінездерін жабады» хадис шәрифі жомарттықтың жақсы екенін, ал сараңдықтың жамандығын көрсетуде. Сараң болған ешбір адам Аллаһтың досы бола алмайды. Әулие адамдар әрдайым барын беретін еді. Берген кезде алған адамнан да көбірек қуанған кісі – шынайы мүмин деген сөз. Жомарттық – Хақ та’ала өте жақсы көретін қасиеттердің бірі. Бұл нәрсе әр құлға нәсіп болмайды. Жомарт болған кәпірге соңғы демінде иман нәсіп болу ықтималы өте жоғары.

Ұлы ғалымдарымыз «Әссахиу хабибуллаһ уәләу канә фасиқан. Әл-бахилу адууллаһ, уәләу канә арифән (яғни жомарт адам, күнәхар болса да, Аллаһтың сүйіктісі. Ал сараң, ғалым, тақуа болса да, Аллаһу та’аланың дұшпаны)» деген. «Жомарттың дастарханындағы ас – шипа. Ал сараңның дастарханындағы ас – дерт, у болады» хадис шәрифі дәл осы жағдайдың ауыртпалығын білдіруде. Адамдарға бастық болайын деп жатқан адамнан талап етілетін алғашқы қасиет – жомарттық пен мейірімді болу. Кедей болған бір мүшрик «Мен өте кедеймін, маған бір нәрсе беріңізші!» деп садақа сұраған кезде, сүйікті пайғамбарымыз «Жарайды, мына өріске қара!» дейді. Қараса, өрісті толтырған қойлардың отарын көреді. «Бұл қойлардың бәрі сенікі, бұларды алып кет!» дейді. Мүшрик таң қалып «Йа Расулаллаһ, бұл отарды алудан бұрын басқа нәрсеге қауышқым келеді. Маған мұсылмандықты үйретіңіз, мен мұсылман болғым келеді» дейді.

Міне осы жомарттықтың салдарынан мұсылман болады. Отарды алып ауылына кетеді. Өмір бақи кедей өткен бұл адамның үлкен отарын көрген ауылдағылар қызығып, мұнша байлықтың қайдан келгенін сұрайды. Оларға болған жағдайды айтып береді: «Мен көптеген адамдарды көрдім, бірақ басқаларға ұқсамайтын сондай жомарт бір адамды көрдім, ол мені өзіне ғашық қылды. Ол кісіден садақа сұрадым, ол маған мына отарды берді. Бұл заманда кім бұлай істей алады? Қалай болса да, бәрің барып мұсылман болыңдар!» – дейді.

Сол жердегі барлық адамдар топ-топ болып барып мұсылман болады.