Әһли хикмет ғұламалар былай деген:
Бүкіл пайғамбарлар Аллаһу та’алаға ғашық. Ал біздің пайғамбарымызға Аллаһу та’аланың өзі ғашық. Улул-азм (үстем болған) пайғамбарлардан Ибрахим алейһиссаламға «Халилуллаһ – Аллаһтың досы», Мұса алейһиссаламға «Кәлимуллаһ – Аллаһпен сөйлескен адам», Адам алейһиссаламға «Сафийуллаһ – Аллаһ ихсанымен таңдап жаратқан таза болмыс», Нұх алейһиссаламға «Нәжийуллаһ – Әрдайым Аллаһпен шұғылданған, илаһи нұрларға қолжеткізген» деген сияқты жақсы есімдер берді, ал сүйікті пайғамбарымызға «Хабибуллаһ (Аллаһтың сүйіктісі)» деді. Тіпті «Сен болмағанда әлемді жаратпас едім» деді. Сүйіктісін өте қатты қадірлегендіктен өзіне қарсы жасалған қателіктерді кешіреді, бірақ Оған қарсы жасалғандарды кешірмейді. Құл Расулуллаһқа деген махаббатының мөлшеріндей Аллаһқа сүйікті болады. Хақ та’ала хабибына (сүйіктісіне) мойынсұнбай жасалған ғибадатты да, иманды да қабыл етпейді. Арада Ол болмаса, Аллаһтың сүйіспеншілігі мен разылығына қауышу мүмкін емес.
Пайғамбарымыз миғражда «Үмметім, үмметім» деп көз жасын төгіп жылағанда Аллаһу та’ала «Олар топырақтан жаратылды. Бір уыс топырақ үшін көз жасыңды төккенің не? Саған ғашық болған Раббың сен үшін не істемейді? Сенің құрметің үшін бәрін кешіреді» деді. Ихсан етілген осы үлкен ниғмет пен сүйіншіге көп шүкір етуіміз қажет.
Бір күні бірнеше христиан Сәйид Абдулқадир Гейлани хазреттеріне «Біздің пайғамбарымыз өлілерді тірілтетін еді. Сендердің пайғамбарларыңның мұндай нәрсесін еш естімедік, сондықтан біздің пайғамбарымыз сендердікінен үстем» дейді. Абдулқадир Гейлани хазреттері «Мен пайғамбар емеспін. Тек оған мойынсұнған мұсылманмын. Егер жасаған дұғаммен өлі тірілсе, мұсылман боласыңдар ма?» деп сұрады. Олар «Иә» деді. Оған мазарда өте ескі қабірді көрсетті. Христиандардан «Бұл қабірде жатқан кісі дүниеде әнші болған екен. Оны ән салып жатқан күйде тірілтейін бе?» деп сұрады. Олар «Жарайды» дегеннен кейін қолдарын жайып: «Йа Раббым, пайғамбарың Мұхаммед алейһиссаламның құрметіне осы қабірдегі адамды тірілт!» деді. Өлі ән салып жатқан күйде мазарынан тұрды. Абдулқадир Гейлани хазреттері христиандарға «Мен пайғамбар емеспін, оның үмметінің бірімін. Аллаһу та’ала оның үмметіне осындай кереметті нәсіп еткен болса, өзіне неге бермесін?» деген кезде сол жердегі христиандар Расулуллаһтың үстемдігін түсініп мұсылман болды.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024