Дұғаның қабыл болуына қатысты мақалада білдірілгендей дұрыс сенімге ие болып, харамдардан сақтанып, дініміздің әмірлеріне мойынсұнған және шарттарына сай дұға еткен адамның дұғасы міндетті түрде қабыл болады. Осындай салих адам төсекке жатарда алдымен Ихлас сүресін оқиды. «Йа Раббым, маған ұл бала ихсан етсең, есімін Мұхаммед деп қоямын» дейді. Осылай дұға еткен адамның Аллаһу та’аланың рұқсатымен ұл баласы болады. (Шира шәрһі)
Тағы да сол кітаптағы хадис шәрифте былай делінген:
«Жұбайы жүкті кезде қолды оның қарнына қойып “Бисмиллаһи әхадис самәд әлләзи ләм йәлид уә ләм йуләд. Йа Раббым, бұл баланың есімін Мұхаммед алейһиссаламның құрметіне Мұхаммед деп қойдым” десе, бұл бала ұл болады.»
Тағы да сол кітапта «Әйел хайздан тазарғаннан кейін бес күннің ішінде жүкті болса, баласы ұл болады. Бесінші күннен сегізінші күнге дейін көтерсе, қыз болады» делінген.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024