"Мазһабсыз" деп кімге айтылады

Сұрақ: Мазһабсыз деп кімге айтылады?

Жауап: Төрт мазһабтың бірін ұстанбай, дұрыс жолда болмаған адамның мазһабсыз деп аталғаны сияқты, төрт мазһабты араластырып, ыңғайына келген мазһаб бойынша әрекет ететін адамға, яғни мазһабтардың үкімдерін араластырып пайдаланатын адамға және төрт мазһабты хақ деп білген болса да, бір ғана сенімі Әһли сүннет итиқадына (сеніміне) сай болмаған бидғатшыларға да мазһабсыз делінеді.

 

Сұрақ: Діни кітап жазып дінге қызмет еткен адамдарға белгілі бір мазһабты ұстанбайды деп, мазһабсыз деп айыптау және жала жабу дұрыс болады ма?

Жауап: «Мазһабсыз» сөзі – діни термин. Айтыптауға ешқандай қатысы жоқ. Діні жоқ болған адамға "дінсіз", ақылы болмаған адамға "ақылсыз", сауаты жоққа "сауатсыз", мазһаб ұстанбайтын мазһабы жоққа да "мазһабсыз" делінеді. Бұл табиғи нәрсе. Мысалы Ауғани, Абдух, Ибн Баз және Қардауи сияқтылар "біздің мазһабымыз жоқ" дейді. Оларды өздері ұнатқан сипаттармен, өздерінің сөздерімен дәріптеп, "мазһабсыз" деу өтірік пен жала болмайды. Бұл - шындықты ашық түрде айту болады.

Мазһаб ұстанбайтын адамның өз ойына келген тұжырымдарын аяттан-хадистен осылай алдым деп жинап кітап жазуу мүлдем дінге қызмет ету емес, керісінше дінді өзгерту, бұзу болады. Төрт мазһабтың үкімдерін білдіретін кітап жазу әрине өте үлкен сауапты амал. Мысалы Мизан-ул кубра, Мәзаһиби әрбәа – дұрыс кітаптар. Бірақ төрт мазһабтың үкімдерін араластырып жазып, дұрысы осы деп айту үлкен қателік және опасыздық болады.

 

Сұрақ: Бір мазһабсыз адам өз түсінгені бойынша біресе ана мазһабтан, біресе мына мазһабтан алып ғибадат етсе, Әһли сүннет итиқадына қайшы болған ешқандай сенімі де болмаса, бұл адамға Әһли сүннет делінбейді ме?

Жауап: Қазіргі заманда төрт хақ мазһабтың бірін ұстанбаған адам Әһли сүннет бола алмайды. Әһли сүннет бола алу үшін төрт хақ мазһабтың біріне бағыну қажет. Бағынбаса мазһабсыз болады. Ал мазһабсыз болған адам ешқашан Әһли сүннет бола алмайды. Ел арасында мазһаб ұстанбайтын бұзақылардың "суннаны ұстанамын" деулері немесе "біз ахли суннамыз" деулері барып тұрған мунафықтық (екіжүзділік) және өтірік.