Тәсбих намазы

Тәсбих намазы – сауабы өте көп болған нәпіл намаз. Пайғамбарымыздың алейһиссалам көкесі хазреті Аббасқа «Саған үйретпекші болған нәрсемді орындаған кезіңде ескі-жаңа, бұрынғы-кейінгі, жасырын-ашық, қателесіп немесе әдейі істеген барлық күнәларыңды Аллаһу та'ала кешіреді» деп, намаздың қалай оқылатынын білдірген. (Әбу Дауд)

Тәсбих намазын мәкрух болған уақыттардың тысында барлық уақытта оқуға болады. Егер күндіз оқылса, төрт рәкатта бір, түнде оқылса, екі рәкатта бір сәлем беру жақсырақ болады.

Бұл намазды аптада немесе айда бір рет немесе ең болмағанда өмірде бір рет оқудың жақсы болатыны білдірілген. Әр рәкатында 75 рет «Субханаллаһи уәлхамдулиллаһи уә лә илаһа иллаллаһу уаллаһу әкбар» деген тәсбих айтылып оқылатын төрт рәкаттық нәпіл намазы болып табылады.

(Төменде «сол тәсбих» деп айтылғанның барлығы осы 75 рет оқылатын тәсбих кәлимасы.)

 

Тәсбих намазының оқылуы

Аллаһ разылығы үшін нәпіл намазына ниет етіледі. Субханәкәдан кейін 15 рет жоғарыда көрсетілген тәсбих оқылады.

Сосын «Уәла хаулә уәла қууәтә илла биллаһил алийил азыйм» деп айтылады, содан соң Әузу-бисмиллаһ айтылып Фатиха мен бір зәм сүре оқылады.

Содан кейін рукуға иілмей тұрып қайтадан 10 рет сол тәсбих оқылады. Кейін «Уәла хаулә уәла қууәтә илла биллаһил алийил азыйм» деп айтылады.

Содан соң рукуға иіледі. Руку тәсбихынан кейін 10 рет сол тәсбих оқылып, рукудан «Сәмиаллаһу лимән хамидәһ» деп көтерілгеннен кейін, тік тұрған күйде сол тәсбих 10 рет тағы оқылады.

Тәсбих айтылып болғаннан соң «Раббәнә ләкәл хамд» деп сәжде жасалады.

Сәжде тәсбихынан кейін 10 рет сол тәсбих айтылады. Сәждеден көтеріліп отырған кезде, сол тәсбих тағы 10 рет айтылады. Екінші рет сәждеге барғанда да сол тәсбих тағы 10 рет айтылады. Осылайша, барлығы 75 тәсбих болады.

Екінші рәкатқа тұрылғанда әуелі тағы сол тәсбих 15 рет айтылады. Кейін қалған әрекеттер бірінші рәкаттағыдай қайталанады да соңғы отырысқа (қадаи ахир) отырылады. Соңғы отырыста әттахият пен салауаттар оқылады.

3-ші және 4-ші рәкаттар алғашқы екі рәкат сияқты оқылады.

Әр рәкатта 75 тәсбих оқылған болады, барлығы 300 тәсбих болады.

Сәждә-и сәху жасау керек болатын болса, сәждеде тәсбих оқылмайды.

Тәсбих намазы нәпіл намаз болғандықтан, қазасы бар адамның оқыған тәсбих намазы қабыл болмайды.