Түстердің ең жақсысы

Сұрақ: Дінімізде неліктен жасыл түске көп мән беріледі? Неліктен кесенелер көбіне жасыл түске боялады?

Жауап: Жасыл түстің дінімізде мүбәрәк екендігі құнды кітаптарда білдіріліп, «Түстердің жақсысы – жасыл түс» делінген.

Мұны білген Ислам дұшпандары қастандық ниетімен шетелдегі кейбір жезөкшелер үйлерін әдейі жасыл түске бояған. (Ағылшын тыңшысының мойындаулары)

Имам Әли Риза хазреттері байрақты және әскер киімін қара түстен жасылға ауыстырған. Аббаси мемлекетінің туы қара еді. Халифа Мәмун заманында жасылға ауыстырылды. (С.Әбәдийа)

Періштелердің жасыл құстар кейіпінде көрінгені көп кездескен. (Шәуәһид-ун нубуввә)

Адам алейһиссалам жәннатта болғанда Асхаби кирамның барлығының бейнелерін бастарында жасыл бас киімдермен, жасыл тәждермен, жасыл қару-жарақтармен және жасыл көліктермен көрген. (Мәнақиби Чихар йары гузин)

Екі хадис шәрифтің мағынасы мынадай:

«Ухуд шәһидтарының рухтары жасыл құстармен жәннатқа кірген.» (Мүслим)

«Үш нәрсе көзге нұр береді: жасыл түске, ағын суға және (халал болған) сұлу адамның жүзіне қарау.» (Хаким)

Орманның, жасыл алаңдардың маңызын білмейтіндер жоқ. Жасыл түстің пайдалары белгілі болғандықтан, жол бағдаршамында да жасыл түс өтудің сенімді екенін, ал қызыл түс қауіпті деп қабылданған.

Адамға үлкен рахаттық беретін жасыл түс осы күнде психологиялық сеанстарда қолданылуда. Терапиядағы науқастар жасыл түс арқылы тыныштыққа, қуанышқа, бақытқа бөлене алады. Жүйке жүйесіне және басқа ауруларға да пайдалы екендігі мәлім.