Ризықтардың азаюы

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Адамдар дініміз көрсеткен бақыт жолынан айрылғандықтан, әлемде берекет қалмады, ризықтар азайды. Күнә істеу ризықтың азаюына себеп болады. Ризықты беретін Хақ та’ала «Мені ұмытсаңдар ризықтарыңды азайтамын» деген. «Жоқ қыламын» демегеніне шүкір. Құл бір күні Аллаһты есіне түсіруі мүмкін деп есік толығымен жабылмаған.

Бұл заманда фитнадан, пәлекеттен, сиқырдан сақтану қиын. Имансыздық артқан сайын әртүрлі пәлекет бірге келеді. Аллаһу та’аланың әмірлері мен тыйымдарына бағынылмаса, мысалы бес уақыт намаз оқылмаса, пәлекетті тоқтату мүмкін емес болады және төрт түрлі ризық азаяды:

1) Иман ризқы азаяды: Иман қауіпке түседі. Имансыздық артады, күпір мен пәлекет жайылады. Иманды қорғау үшін Аллаһу та’аланы ұмытпау керек. Қажетінен артық қолданылатын технология мен үлкен жылдамдық адамдарға Аллаһты ұмыттырады. Және сәйкесінше имансыздық қаупі пайда болады. Ұшқыш ұшқыштық икемін, жүргізуші көлік айдау икемін ұмытса, апатқа түседі. Бүгінде халал-харам бір-біріне араласқан, иман әр сәтте жоғалуы мүмкін. Бір харамға мән берілмесе немесе бір парыз маңызсыз деп саналса күпір болады.

2) Денсаулық ризқы азаяды: Аурулар көбейеді. Бүгінде медицина технологиясының дамуына қарамастан аурулар азаймады, керісінше күннен күнге артып барады. Әһли сүннет ғалымдары «Бисмиллаһсыз піскен және бисмиллаһсыз желінген тамақ ауруға шалдықтырады» деген. Сыртта бисмиллаһ айтылып даярланған тамақ табу қиын, ғұсылсыз істелгендер де көп.

3) Мал-мүлік ризқы азаяды: Күн көру қиыншылығы артады. Алған ақшасының қайырын көрмейді. Тапшылық болады, мал-мүлік жиналмайды. Молшылық болса, онда бәрі қымбаттайды. Бұрыңғы замандарда бір үйде бір адам ғана жұмыс істейтін, бәрі рахат өмір сүретін еді. Ал қазір күйеуі, әйелі, бала-шағасы жұмыс істесе де бәрі қарыздар болып жүр. Себебі, ысырап көп, ал Аллаһтан қорқу жоқ.

4) Адамгершілік пен мейірім ризқы азаяды: Мазарда жатқандар өкінген нәрселер үшін дүниедегілер бір-бірін жеп қоятындай болып жүр. Қазіргі таңда мейірім қалмады. Бәрінің нәпсі сөйлейді, «Мен» дейді.

Мейрам күндері үйге қонақтар келеді деп қашатындар бар. Жолда жараланған немесе ауырып қалған адамдар болса «Басыма бәле табамын» деп дереу ол жақтан ұзақтайды. Бір нәрсе сұрайды деп сәлем беруден бастартады. Ешбір өтемсіз сыйлық беру былай тұрсын, жәрдем беру, қарызға ақша беру де жоқ. Көршілер арасында бұрыннан қалыптасып қалған құрмет пен сүйіспеншілік сезімдері, жақындық қалмаған, тіпті көпқабатты үйлерде де достық, көршілік қалмады. Бұлардың бәрінің себебі – Аллаһу та’аланы ұмыту.