Әһли хикмет ғұламалар былай деген:
Ғайбат – күпірге ең жақын күнәлардың бірі. Кім мән бермей, бұл күнәдан сақтанбайтын болса, бұған әдеттенеді де маңызсыз деп санайтын болып кетеді. «Мен бар нәрсені айттым, өтірік айтпадым ғой, мұның несі күнә?» деп күнәға жеңіл қараса кәпір болады. Онсыз да болған нәрсені айту ғайбат болып табылады, ал болмаған нәрсені айту жала болады.
Ғайбатқа немесе басқа да күнәға мән бермеу – күпір. Күпір дегеніміз – мәңгі тозақта жану деген сөз. Күпірге тәубе еткен кезде иман қайтып келеді, бірақ алдыңғы жасалған бүкіл ғибадаттары мен сауаптары жоқ болады. Сондықтан күпірге түсуден қатты сақтану қажет. Хусейн бин Саид хазреттері (рахметуллаһи алейһ) «Ғайбат етілген кезде жасаған ғибадаттарымыздың сауабы жайлы үмітсіздікке түсемін. Ғайбат айтып жатқанды тоқтататын адам жүз шәһид сауабын алады. Тоқтата алмаған адамның ол жерден тұрып кетуі керек! Егер тамашалайтындар болмаса, дарбазшы да арқанның үстіне шықпайтын еді. Ол арқаннан құлайтын болса, оны тамашалап отырғандар оны өлтірген болады. Адам өлтіргендей күнәға батады!» дейтін еді.
Шайтан ғайбат айтқан адамның аузына саусағымен бал жағып, «Қане, тағы да біраз жаланып ал!» дейді. Қандай қорқынышты нәрсе! Сондықтан ғайбаттан қатты қорқу керек, өте сақ болу қажет. Ғайбат – қатерлі ісік сияқты, шыққан жерін жойып жібереді. Байқап қарасақ, көптеген жанұялардың, қоғамдардың, ұлттардың бәрі осының кесірінен бөлініп ыдыраған. Бір-бірінің артынан сөйлейтіндердің бәрі өліп кетті. Бірақ тапқан табыстарының бәрі өшіп кетті. Әсіресе иманын құтқара алмай өлген болса, Аллаһ сақтасын, мәңгі тозақтық болды.
Ешбір мұсылманның артынан сөйлемеу керек, ғайбаттамау керек. Жаман және өте күнәхар деп ойлаған біреуді ғайбаттап, оның күнәларын өзіне алу – ақылды адамның ісі ме?
Ғайбат айтқан адам ескертуге қарамастан аузын жаппаса, ол жерден кету және онымен қарым-қатынасты үзу қажет. Оны жалғыз қалдыру керек, дуалға сөйлесін! Ең болмағанда біз өзімізді құтқарған боламыз. Біраз уақыттан соң бәлкім ол да өкінер, оған да жақсылық жасаған, пәлекеттен құтқарған боламыз.
От, алау шыққан жерін өртейді. Саусағымызды қайнаған суға батыра алмаймыз, кеуірт алауында да ұстай алмаймыз. Сондықтан сүйікті пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) «Раббана әтина...» дұғасын оқитын және оқуға кеңес беретін еді. Мағынасы: «Ей Раббымыз! Бізге дүниеде де, ахиретте де жақсылық бер және бізді отта жанудан қорға!» Біз де осылай дұға етіп, отқа жетелейтін күнәлардан ұзақ болуымыз қажет.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024