Сұрақ: Тез ашуланамын, ата-анамды, үйдегі үлкендерді ренжітемін. Қателіктеріне шыдай алмай, бірден сынға саламын. Кейіннен бұған өкінемін. Осы жаман мінезімнен арылу үшін не істеуім керек?
Жауап: Ислам ғалымдары ашуланудың кібірден, өз-өзін ұнатудан пайда болатынын білдірген.
Сынау, негізінде «Мұны мен білемін, сен білмейсің, саған ескертіп жатырмын, бұл қате жолыңнан қайт» деген сөз. Мұны ешкімге айтуға болмайды, әсіресе ата-ана сияқты үлкендерге мүлдем айтуға болмайды. Білім тәкәппар адамның тәкәппарлығын, қарапайым адамдардың қарапайымдылығын арттырады. Білімімен тәкәппарлану – үлкен пәлекет. Хадис шәрифте «Білімді адамның пәлекеті – өзін басқалардан жоғары санауы» делінген. Сондықтан, ақылды адам мен жақсырақ білемін деп өзін пәлекетке тастамайды.
Тәкәппарлық (кібірлік) – жаман мінез, харам болып табылады. Аллаһу та’аланы ұмытудың белгісі. Көптеген адамдар осы жаман ауруға шалдыққан. Тәкәппар адам салих адам бола алмайды. Кібірлік – барлық жақсылықтарға тосқауыл. Тәкәппар емеспін деген адам тәкәппар деген сөз.
Қасына басқалардың отыруын қаламау, науқастармен бірге отырмау, үйіне қажет болған заттарды алып, үйіне әкелмеу, ескі киімдерін қайтадан киюді ұнатпау, жұмыс басында жұмыс киімін киюді қаламау, қонаққа кедейлер шақырса бармай, байлардың шақырғанына бару, туысқандары мен бала-шағасының қажеттіліктерін қамтамасыз етпеу, дұрыс сөзді, дұрыс сынды қабылдамай сөз тартысу, кемшілігін, айыбын айтқан адамдарға рахмет айтпау, бір жерге кірген кезде, сол жақтағылардың тұрып амандасқандарын ұнату сияқты нәрселер тәкәппарлықтың белгісі.Біреудің айтқан сынын ұнатпау, оның менен қандай айырмашылығы бар, ол да адам ғой десе, шындықты оның аузынан есту қиын болса, мұның да тәкәппарлықтан екенін түсіну керек.
Тәкәппарлық адамды Аллаһу та’аланың бүкіл әмірлеріне қарсы шығуға итермелейді. Себебі, тәкәппар адам басқа біреуден шындық пен ақиқатты естісе, оны қабылдағысы келмейді, бірден қарсы шығады. Діни тақырыптарда айтылса да, бірден қарсы шығуға кіріседі. Тіпті шындықты алдындағы адамның тілінен естісе, бірден түрлі жолдармен, дұрыс екенін білсе де оны теріске шығаруға тырысады.
Жамандықтар әрдайым ашудан туындайды. Бір адамда тәкәппарлық бар болса, мұның белгісі – оның ашуы. Тәкәппарлықтан ашу туындайды. Бір адам қабағы ашылмайтын және ашулы болса, жақсылықтың белгісі емес деген сөз. Ашу адамның ақылын жабады. Сол кезде шайтанның уысына түседі. Шайтан да оны қалаған жеріне апарады. Ашулану адамның дінін, иманын әкете алады, бұдан қатты қорқу керек.
Сыншылдық ауруы
Сұрақ: Бір досым дүниелік істерде де, діни істерде де бәрін сынай береді, достарын ренжітеді, олай емес, былай дей береді. Осылай білгішсініп, сынау ауруы неден пайда болады?
Жауап: Жалпы сынаушылық ауруы өз-өзін ұнатудан, яғни тәкәппарлықтан туындайды. Адамдардың қателіктерін іздеу күнә. Әмри маруф жасау басқа, оны жылы шыраймен, ешкімді ренжітпей, жалпылама түрде айтылады. Мысалы сырға тағып жүрген жас жігітті көрген кезде «Әйелдерге ұқсап қалыпсың» деудің орнына, әйелдердің еркектерге, еркектерің әйелдерге ұқсаудың дұрыс еместігі жалпылама түрде бір сұхбатта түсіндіріледі. Мысалы әйелдер еркектер сияқты шашын қырмайды, шалбар киюіне болмайды делінеді. Одан кейін еркектер де әйелдерге ұқсамау керек. Мысалы әйелдер сияқты шаштарын өсірмеу керек, әйелдер сияқты алқа тағып жүрмеу керек делінеді. Ол жігіт бұл сөздерден сырға тағудың да әйелдерге ұқсау болатынын түсінеді.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024