Намазын кешіктірген жігіт

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Мата сатумен айналысатын бір жас жігіт бар еді. Жұмысының көптігін сылтау етіп, ылғи намаздарын соңғы уақытына дейін кешіктіретін еді. Намаздарын дүкеніне жақын орналасқан мешітте намаз уақытының шығуына аз уақыт қалғанда оқып үлгеретін еді. Бір түні түсінде өзінің өлгенін, есепке тартылу үшін мизан таразына әкелінгенін көреді. «Ғибадаттарымды орындадым, харам істемедім, есебім оңай өтер» деп үміттеніп тұрады. Періштелер алдымен онда иман мен дұрыс ақида (сенім) іздейді, бірден табады. Содан соң намаздың реті келеді, бірақ әбден іздесе де таба алмайды. «Мен ешбір намазымды қазаға қалдырмадым, міндетті түрде табуларың керек» деп айқайлайды. Ақыр соңында періштелер «Ренжіме, сен оқыған бірде-бір намазды таба алмадық. Енді сені тозаққа тастаймыз» деп бір биік тауға шығарады. Бұл арада қатты абыржып, әбігерге түседі. Жігіт тыпырлап «Жоқ, мұнда бір қателік бар, мен ешқашан намаздарымды қалдырмадым» деген болса да оны тыңдамайды, таудың төбесінен төмендегі тозаққа тастайды. Кенеттен нұрлы жүзді бір кісі шығады, құлап бара жатқанында ұстап алып «Мен сенің оқыған намаздарыңмын» дейді. Жігіт сасқалақтап «Мен қатты абыржыдым, сәл болмағанда тозаққа түсер едім, неге соншама кешіктің?» деп сұрайды. Ол «Сен де мені үнемі соңғы уақытқа дейін кешіктіретін едің» дейді.

Жас жігіт осы күннен кейін намаздарын уақыты кіруімен оқитын болады.

 

Салихтармен бірге болу

Салих (жақсы) мұсылмандармен бірге болу керек және әрдайым Әһли сүннет ғалымдарының кітаптарын, нақылды негізге алған дұрыс дін кітаптарын оқу керек. Шайтан сыртта қалған немесе басқаша ойлайтын, көңілімен шынайы сенбеген адамға уәсуәса береді. Отарынан айрылған қойға қасқыр шабады. Салихтардан мүлдем ажырамау керек, өз басынша әрекет етпеу керек. Адамға шабатын қасқыр - шайтан, яғни бөлектену, басқаша ойлау, басқа сезімдердің ішінде болу – шайтанға жем болу деген сөз. Шайтан көңілге уәсуәса (жаман ой) береді, себебі оның жұмысы осы. Бір әулиеден «Мырзам, көңіліме өте жаман ойлар келе береді, қатты қорқамын. Бұдан құтылудың шарасы бар ма?» деп сұраған кезде, былай деп жауап береді: «Шайтан өз міндетін атқарып жатыр. Сен оның тірлігіне араласпа, сен өз тірлігіңді істе! Шайтан сені адастырмақ болса, сен де өзіңді құтқаруға тырыс, салихтармен бірге бол, сені жаратқанға сыйын! Көрейік, шыдай алады ма екен?

Сүйікті пайғамбарымыз «Шайтан адамның көңіліне уәсуәса береді. Бірақ, Аллаһ еске алынған кезде қашады» деген. Сен сол сәтте Аллаһ де! "Кәлимаи тәуһид" айт, салауат айт немесе илмихал кітабын оқы, бір нәрсемен айналыс, яғни терісін жаса! Сол кезде жаман ойлардың бәрі кетеді. Шайтан уәсуәса беру үшін жаратылды, мен адамдарды адастырамын деп рұқсат сұрады, Аллаһу та’ала рұқсат берді, бірақ «Сен менің құлдарымды адастыра алмайсың, сен өзің сияқтыларды ғана бұзасың» деді. Менің құлым дегендері – салихтар.»