Намаз оқып жатқан адамның алдынан өту

Сұрақ: Намаз оқып жатқан адамның алдынан өту мәкрух па, харам ба?

Жауап:Намаз оқып жатқан адамның алдынан өту мәкрух болып табылады. Мәкрух сөзі жалғыз өзі айтылған кезде көбіне тахриман мәкрух деп түсініледі. Яғни күнә болады. Харам – біраз үлкенірек күнә. Далада, үлкен немесе кіші мешіттердің барлық жерінде намаз оқып жатқан адамның алдынан, жақын болса да, ұзақ болса да, әйел, еркек немесе ит өтетін болса, намаз мүлдем бұзылмайды, Далада және үлкен мешітте аяқтар мен сәжде ететін жер арасынан, ал кіші мешітте және бөлмеде аяқтары мен құбыла қабырғасы арасынан өткен адамға күнә болады. Құбыла қабырғасы мен артқы қабырға арасы жиырма метрден аз болған мешітке кішкентай мешіт делінеді. Биік жерде оқып жатқан адамның алдынан төменде өткен адамның басы намаз оқып жатқанның аяқтарынан жоғары болса, күнә істеген болады. Тек (Кағба) мәсжиди харам ішінде намаз оқып жатқандардың алдынан өту күнә емес. (С.Әбәдийа)

 

Сұрақ: Намаз оқып жатқан адамның алдынан қандай ара-қашықтықтан өтуге болады?

Жауап: Далада және үлкен мешіттерде сәжде ететін жерінен басқа кезкелген ұзақтықта өтуге болады.

 

Сұрақ: Намаз оқып жатқан адамның алдынан қаншалықты жақын болған кезде өтуге болмайды? Мысалы жазық далада намаз оқып жатқан адамның бір километр ұзақтықта алдынан өте алмаймыз ба?

Жауап: Жазық далада ұзақта болса өтуге болады, бірақ сәжде ететін жерінен өтуге болмайды.

 

Сұрақ: Намаз оқып жатқанда алдымыздан ешкім өтпесін деп алдымызға жастық қоюымызға болады ма?

Жауап: 50 см қашықтықта бір нәрсе қою керек, мысалы орындық қойған жақсы болады. Бұдан кейін алдынан біреу өтсе намазға зиянын тигізбейді, өткен адамға күнә болады. Бірақ адамдар келіп-кететін жерге тұрып намаз оқитын болса, бұл адамның өзіне де күнә болады. Нәресте, жас бала өтсе, балаға күнә болмайды.

 

Сұрақ: Үйде немесе кіші мешітте намаз оқып жатқан бір адам алдына орындық, костюм және т.б. нәрсе қойса, алдынан өту жаиз бола ма?

Жауап: Сүтре (намаз оқығанда алдынан өтетіндердің намазға зиянын тигізбеуі үшін алдына қойылатын нәрсе) ретінде орындық қойса жақсы болады. Яғни өту жаиз болады. Сүтренің биіктігі жарты метрден төмен болмау керек. Ештеңе табылмаса, онда ұзынынан бір сызық сызуға болады немесе костюмді де ұзынынан қоюға болады.

 

Намаз оқып жатқан адамның алдынан өтерде

Сұрақ: Намаз оқып жатқан адамның алдынан өтуге мәжбүр болған кездерде, намаз оқып жатқан адамға арқамен бұрылып, жанымен өту күнә болады ма?

Жауап: Күнә болмайды.