Әһли хикмет ғұламалар былай деген:
Бір адамға жасалуы мүмкін болған ең үлкен жақсылық – оған мұсылмандықты үйрету. Бір мұсылманға жасалатын ең үлкен жақсылық болса – оған Әһли сүннет итиқадын (сенімін) үйрету. Бұлардан асатын жақсылық жоқ. Бір адамды мәңгі тозақ отынан құтқарудан асатын жақсылық болуы мүмкін бе? Адам «Мәңгілік деген не?» деп бір ойланса, түсінуге тырысатын болса, миы атылып кете жаздайды. Имам Ғазали хазреттері былай деген:
«Тозақтағы кәпірлерге “Сендер әлемдегі бүкіл сулардағы тамшылар мөлшеріндей, бүкіл құмдардағы түйірлер мөлшеріндей жанасыңдар, одан кейін шығып жәннатқа кіресіңдер” делінетін болса, соңында құтыламыз-ау деп қатты қуанатын еді. Аспанмен қоса бүкіл әлем бидайға толтырылатын болса, бір торғайға “Әр жылы бір дана бидай жейсің” десе, ол бидай бір күні бітеді, мәңгілікпен салыстырғанда есептеуге де келмейді.»
Аллаһ жолында халис ниетпен (ықыласпен) жасалған қызметтер зая кетпейді. Ниет осындай болса, Хақ та’аланың өзі жәрдем береді. Аллаһ жолында қызмет ету әркімге нәсіп болмайды. Егер бір адамға ұлы ғалымдарымыздың, яғни Әһли сүннет ғұламаларының, Силсила-и алийа ұлыларының жолында Ислам дініне қызмет ету нәсіп болса, күндіз-түні осы жағдайына шүкір ету керек, Раббына хамд ету керек! Дұшпан қаншалықты күшті болса, оларға қарсы қорғанудың, күресудің сауабы да соншалықты көп болады, тіпті бір неше есе көбірек болады. әл-Кәримнің (жомарттың) есігінде қызмет еткендер мен етпегендер бірге тұрады. Аллаһу та’ала ихсан иелерінің? жомарттардың ең ұлысы. Иншаллаһ арамызда қызмет етіп жүргендер бар. Бұларға ихсан еткен кезде, сыйын таратқан кезде олармен бірге бізге де береді, өйткені кәрим (жомарт) болған сый-сияпатын айналасындарға шашады, «қалағандар алсын» дейді.
Шибли хазреттері қайтыс болғаннан кейін, бір танысы оны түсінде жәннатта жүргенін көрген кезде:
- Бұл дәрежеге қалай жеттің? Жәннатқа қалай кірдің? - деп сұрайды. Ол былай жауап береді:
- Төрт жүз ұстаздан дәріс алдым. Олардан төрт мың хадис шәриф үйрендім. Бұл хадис шәрифтердің барлығының арасынан біреуін таңдап, өзімді соған бағындырдым, себебі құтылуды және мәңгі бақытқа қауышуды осында таптым, бүкіл насихаттардың барлығын осы хадис шәрифтің ішінде көрдім. Мен таңдаған хадис шәриф мынау:
«Дүниелік үшін дүниеде қалатын мөлшеріңде жұмыс істе! Ахирет үшін ол жерде мәңгі қалатыныңдай жұмыс істе! Аллаһу та’алаға мұқтаждығыңа қарай бағын! Тозаққа шыдай алатын мөлшеріңде күнә істе!»
Мысалы бір адам бір сіріңке жағып, алауына қолын қою керек. Қаншалықты шыдай алатын болса, соншалықты күнә істесін. Бір минутқа дейін шыдай алатын болса, онда бір минут күнә істесін.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024