ИСЛАМНЫҢ НЕГІЗДЕРІ

Исламның бес негізі, тірегі бар, яғни Ислам діні бес нәрсенің үстіне құрылған. Алғашқысы, кәлимаи шәһадат келтіру және мағынасын түсініп сену. Екіншісі, әр күні бес уақыт намазды өз уақытында оқу. Үшіншісі, Рамазан айында ораза ұстау. Төртіншісі, егер парыз болса, жылына бір рет зекет пен ұшыр беру. Бесіншісі, жағдайы жететін болса, өмірінде бір рет қажылыққа бару. [Аллаһу та’аланың осы бес әмірін орындауға және харамдардан сақтануға «ғибадат ету» делінеді. Вужуб және ада шарттарына ие болмаған адамның және қажылыққа барып қойған адамның қайта баруы нәпіл ғибадат болады. Бидғат және харам істеуге себеп болатын нәпіл ғибадатты орындау жаиз емес. Имам Раббани “құддиса сирруһ” 29, 123, 124-ші хаттарында және «Мақамат-и Мазхарийа»-ның 26-шы хатында, нәпіл қажылық пен умраға баруға рұқсат бермеген. «Нәшр-ул мәхасин»-де мақамати ашәрадан зухд дәрежесінің баяндалған жерінде былай делінген: «Үлкен ғалым және әулие – имам Нәуәуиге Барлық сүннеттерге мән беріп орындап жүрсің. Бірақ ең үлкен сүннет болған некені тәрк етіп жатырсың деген кезде: Бір сүннетті орындау арқылы көптеген харам істеп қоюдан қорқамын деді.» Имам Яхия Нәуәуи 676 жылы Шамда қайтыс болды. Пакистанда «Жами’а-и Хабибийа» университетінің деканы, мұғалім Хабиб-ур рахман 1401 (м.1981) жылы қажылыққа барған кезінде, уаххаби имамның микрофонмен намаз оқығанын көріп, намаздарын бөлек оқығаны үшін қолдарына кісен тағылып қамауға алынған. Себебі сұралғанда Имамның микрофонмен намаз оқытуы жаиз емесдеген. Оның қажылық жасауына тыйым салынып, кері қайтарылған.

Дүниенің қай жерінде болса да, әрбір адамға ең алғашқы қажет болған нәрсе – дінін, иманын үйрену. Бұрыңғы замандарда дінді ислам ғалымдарынан оңай үйренуге болатын еді. Ал қазір ақыр заман болғандықтан, ешқайда шынайы ғалым қалмады. Надандар, ағылшындарға сатылған ақымақтар дін адамы ретінде барлық жерге таралды. Қазіргі таңда дінді, иманды дұрыс үйренудің жалғыз шарасы – Әһли сүннет ғалымдарының кітаптарын оқу. Мұндай кітаптарды табу – Аллаһу та’аланың үлкен ихсаны (сыйы). Ислам дұшпандары жастарды алдау мақсатымен қате болған дін кітаптарын жаюда. Соның салдарынан шынайы діни кітапты тауып оқу өте қиын болып қалды. Жастар әр түрлі ойындарға байланып, дұрыс кітапты табудан және оқудан мақрұм қалуда. Көптеген жастардың ойыннан басқа ештеңе ойламайтынын көріп жүрміз. Бұл ауру жастар арасында кеңінен таралуда. Мұсылман ата-ананың бала-шағасын осы аурудан қорғауы өте қажет. Ол үшін балаларына дінді үйрету және оларды діни кітаптарды оқуға дағдыландыру қажет. Оған қол жеткізу үшін балаларының зиянды ойындарға алдануының алдын алу керек. Кейбір достарымыздың балаларының зиянды ойындарды ойнап тіпті тамақтануды да ұмытқанын көріп жүрміз. Мұндай балалардың тіпті мектеп кітаптарын да оқуы, жоғары сыныпқа өтуі мүмкін емес болуда. Ата-ананың балаларына ие болып, кітап оқуға дағдыландыруы қажет. Мысалы «Ислам Ахлақы» кітабын оқу керек. Бұл кітапты оқыған адам дінін, иманын үйренуімен қатар, Ислам дұшпандарының қалай жұмыс істеп жатқанын да түсінеді. Ата-аналар осы міндеттерін орындамаса, дінсіз, имансыз жастар пайда болады, отанымызға, халқымызға көп зиян тигізеді.

Мұсылман ата-ананың мән беруі өте маңызды болған мәселелердің бірі – «Сатри әурет» мәселесі. Зиянды ойындар ойнайтындардың арасында тізелерінен шаптарына дейін ашық болған жастарды көреміз. Ислам дінінде әурет жерлерін жабу – өте маңызды парыз. Бұған мән бермеген адам иманынан айрылып қалуы мүмкін. Мұсылмандар намаздарына көп сауап алуға және уағыз тыңдауға мешіттерге барады. Мұндай себептер болмаса да, мешітке бару үлкен сауап. Бірақ әурет жерлері ашық болғандар мешітке жиналса, ол жер жері мешіт болудан шығады да, күнә жиындарына айналады. Ал күнә жиынына барудың харам екені барлық кітаптарда жазулы. Мұндай орталарға барған адам, ол мешіт болса да, күнә жиынына барған болады, күнәға батады. Сауап алу және уағыз тыңдау үшін осындай орамалы жоқ әйелдер мен шорт киген еркектер жиналатын мешіттерге барған адам, сауап емес, күнә табады. Әурет жерлері ашық болғандар мешітке барса, мұсылмандардың күнәға батуына себеп болады. Әурет жерлерді ашу үлкен күнә болғанындай, осындай ашық-шашық жүргендерге қарау да үлкен күнә болады. Осы себептен, мұндай мешіттерге барған мұсылмандар Аллаһтын мейіріміне емес, Аллаһтың ашуына себеп болуда.]