Таңертеңгі және кешкі дұғалардың уақыты

Сұрақ: Таңертең-кешке, күндіз-түнде немесе қасиетті күн мен түндерде оқылуы қажет болған дұғалар қай уақытта басталады, қай уақытқа дейін оқуға болады? Қасиетті күн мен түндер қай кезде басталады, қай кезде бітеді?

Жауап: Күн мен түнге тәулік делінеді. Күндіз – имсак уақытында басталады, ақшам болғанда бітеді. Түн де ақшамда басталады, имсак уақытында бітеді. Қасиетті түндер, мысалы Жұма түні, бейсенбі күні түстен кейін басталады, имсак уақытына дейін жалғасады. Арапа мен Құрбан айт күндерінен басқа қасиетті күндердің барлығы бір күн бұрынғы бесін уақытынан басталады, ертеңгі күннің ақшамына дейін жалғасады.

Таңертеңгі дұғаларды түннің жартысынан бастап оқуға болады. Кешкі дұғалар зауалда, яғни бесін уақытында басталады. Кешке немесе түнде оқылмай қалған тәсбих пен дұғаларды ертесіне оқуға болады. Бір хадис шәрифтің мағынасы:

«Үздіксіз оқып жүрген дұға немесе тәсбихтарын қалдырып, оқымастан ұйықтап қалған адам, таң намазынан бесінге дейінгі уақыт арасында оқыса, түнде оқығандай сауапқа қауышады.» (Мүслим)

 

Күн мен түн

Сұрақ: Дініміз бойынша күн мен түн қай уақыттарда басталады және бітеді?

Жауап: Күн – имсак уақытында басталады, ақшам уақытында бітеді. Ақшамнан имсак уақытына дейінгі уақытқа түн делінеді. Күн мен түннің бірігуіне тәулік делінеді.

 

Тәһәжжудті оқи алмаған адам

Сұрақ: Өте қатты шаршағанымнан тәһәжжуд намазына тұра алмадым, күнде оқып жүрген Тәбәрака сүресін, Әмәнаррасулу-ді оқи алмадым. Бұларды өтеу мүмкін бе?

Жауап: Иә, мүмкін. Түнде тұра алмай қалған кездерде, Тәһәжжуд намазы бесінге дейін оқылса, Тәбәрака сүресі мен Әмәнаррасулу бесінге дейін оқылса, бұларға түнде орындалғандай сауап беріледі.