Сұрақ: Ислам ғалымдары «Әр ауруда бір шипа бар. Дене қаншалықты қиыншылық көрсе, рух соншалықты рахаттанады. Денеге мазасыздық беретін әр нәрсе адамның әлсіздігін түсінуіне, Хақ та’алаға қайтуына себеп болады. Осы себептен жүрек (көңіл) үшін шипа» деген. Бірақ мен ауырған кезде рухым өте қатты қиналады, зорлық-зомбылық шегіп жатқандай мазасызданамын. Түсінгенімше, ауруда шипаның болуы бәрі үшін бірдей емес. Солай емес пе?
Жауап: Сіз рух пен нәпісті шатастырғандықтан осылай айтып жатырсыз. Адамның бір жері ауырған кезде, жеңіл немесе ауыр ауруға шалдыққанда мазасызданатын, рахаты бұзылып, қалауларына жете алмағаны үшін қиналатын нәпіс. Біз мазасызданған кезде оның да мазасыздығы артады. Құлақ түстің әсемдігін сезіне алмағанындай, көз де дыбыстардан ләззат ала алмайды. Әр нәрсенің өз рахаты болады.
Нәпіс – Аллаһу та’аланың дұшпаны, ол тек харам болған нәрселерден ғана ләззат алады. Рухтың азығы намаз бен басқа ғибадаттар, харамдар рухтың уы. Мысалы музыка нәпісті азықтандырады. Нәпсіміз музыкадан рахаттанады. Ал рух рахаттанбайды, қиналады. Нәпісті рухпен шатастырмау керек. Адам ауырған кезде күнәлары кешіріледі. Иса алейһиссалам: «Аурып, қиыншылықтарға, пәлекеттерге ұшырап, күнәларының кешірілетініне қуанбаған адам ғалым емес» деген. Мұса алейһиссалам да бір науқасты көріп «Йа Раббым, бұл құлыңа мейірімдік жаса, ауруынан құтқар!» деген кезінде Аллаһу та’ала: «Рахметіме, мейірімділігіме қауышсын деп жіберген себептерімнің арасында жүрген бір құлыма бұдан артық қалай рахмет, мейірімділік етейін. Өйткені оның күнәларын осы аурулар арқылы кешіремін. Жәннаттағы дәрежесін осылар арқылы көтеремін»- деді.
Қиыншылықтардан, азаптардан сауап болмайды. Бұларға сабыр еткен кезде сауап беріледі. Бірақ, қиыншылықтарға сабыр етілмесе де, күнәлардың кешірілуіне себеп болады. Ауру да қиыншылық, сабыр етілмесе тек күнәлар кешіріледі. Сабыр етіп, ешкімге шағымданбаса, бұл кезде сауап та беріледі. Көрініп тұрғанындай, ауру – пайдалы нәрсе.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024