Әһли хикмет ғұламалар былай деген:
Аллаһу та’ала Құран кәрімде Асхаби кирам (сахабалар) үшін: «Аллаһ олардың бәрін жәннатқа кіргізетіндігіне уәде берді. Аллаһ олардан разы, олар да Аллаһтан разы» делінген.
Имам Раббани хазреттері былай деген:
«Асхаби кирамды (сахабаларды) жақсы көру, адамдар арасынан таңдалған бұл құрметті адамдардың өміріне қызығып, олар сияқты болуға тырысу – Аллаһу та’аланың ең үлкен ниғметі. Хадис шәрифте: «Әрбір адам жақсы көргенімен бірге болады» делінгендіктен, оларды жақсы көргендер жәннатта олармен бірге болады.»
Сүйікті пайғамбарымыз сұхбатын бастаған кезде, Асхаби кирам сұхбаттың соңына дейін құрметсіздік болмасын деп қимылдамай отыратын еді. Мысалы бірінің қолы басының тұсында тұратын болса, солай қалатын еді. Құстар жансыз заттардың үстіне қонғанындай, олардың үстіне де қонатын еді. Әдепті болғандары соншалық, Расулуллаһ олардан бір нәрсе сұраса, мәселен «Ей сахабалар, қарызын төлей алмағандардан кім бар?» немесе «Бүгін аптаның қай күні?» деп сұраса, «Аллаһтың Расулы жақсырақ біледі» дейтін еді. Яғни білгіштік қылып «Білмеген екенсіз, мен айтып жіберейін, сізге үйретейік» дегендей түсінілмесін деп, Аллаһ Расулына бір нәрсе үйрету кейіпіне түспеу үшін осылай жауап беретін еді.
Бір күні сахабалардан бес-алты кісі жиналып, сұхбаттасып отырған еді. Сүйікті пайғамбарымыз келіп қосылады. Хазреті Аббас та сол кісілердің арасында еді. Пайғамбарымыз біраз тыңдағаннан кейін «Көкетайым, менен қанша жасқа үлкенсің?» деп сұрады. Хазреті Аббас: «Йа Расулуллаһ, сізден үш жасқа ескімін» деді. Әдепсіздік болмасын деп «Үш жасқа үлкенмін» деген жоқ.
Бір күні пайғамбарымыз сахабалардың біріне жаза берді, «Оны қамауға алдым» деді. Сол жерде болғандар әлгі сахабаға барып «Бағана Расулулаһ сен жайлы «Оны қамауға алдым» деді» деп жеткізеді. Жолда мұны естіген кезде тұрғанындай қатып қалады. Бір аяғы артында еді, алдыңғы аяғының жанына тартпады, қандай күйде тұрған болса сол бойы тоқтады. «Расулуллаһ сені қамауға алды, бірақ көшенің ортасында емес, бөлмеге қамауға алды ғой» деген кезде, «Мен бұл әмірді осы жерде алдым. Бұдан кейін басқан әр қадамым әмірге қарсы шығу болады. Өлгенге дейін осында тұрамын» деп жауап береді. Ешкім оны көндіріп, орнынан қимылдата алмады. Кейін сахабалар сүйікті пайғамбарымызға келіп «Йа Расулуллаһ, оған қамау жазасын бергеніңізді айтып едік, ол мұны ести салып қадамын басқан жерде тоқтап қалды, келесі қадамын баспай тұр. Күннің астында, жолдың ортасында солай күтіп тұр» деп айтады. Пайғамбарымыз себебін сұраған кезде «Бұдан кейін басқан әрбір қадамы сізге қарсы шығу болады деп қорқып жатыр» дейді. Мұны естіген пайғамбарымыз «Барып айтыңдар, мен оны кешірдім» деді. Міне Асхаби кирам Расулуллаһтың әр әміріне осылайша сөзсіз мойынсұнатын, әр уақытта әдептілікке мән беретін еді.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024