Сұрақ: Қасида-и бурда деген не? Сәләфилер неліктен Қасида-и бурдаға қарсы шығады?
Жауап: Сәләфилер Мәуліт қасидаларындағыдай, бұл қасидада да сүйікті пайғамбарымыздың мадақталуына шыдай алмайды. Алайда, оны Аллаһу та’аланың өзі мадақтаған: «Сені әлемдерге рахмет ретінде жібердім» және «Сен болмағанда әлемді жаратпайтын едім» деген. Расулуллаһты мақтау ғибадат. Қасида-и бурда – мәуліт қасидасы сияқты, сүйікті пайғамбарымыздың үстемдігін баяндайтын, оны мадақтайтын қасидалардың бірі.
Қасида-и бурданың авторы болған Имам Бусайри хазреттері Софийа-и алийаның ұлыларынан. Бір күні сал болды, яғни денесінің жарымы әрекетсіз болып қалды. Расулуллаһқа тәуәссул етіп, адамдардың ең үстемін мадақтайтын мәшһүр (әйгілі) қасиданы жазып дайындады. Түсінде Расулуллаһқа оқып берді. Пайғамбарымыз қатты ұнатып, иығынан мүбәрәк шапанын шешіп Имамға кигізді. Денесінің сал болған жерлерін мүбәрәк қолымен сипады. Оянған кезде денесінің сау екенін және хырка-и са’адеттің (пайғамбарымыздың мүбәрәк шапанының) иығында екенін көрді. Осы себептен бұл қасидаға «Қасида-и бурда» делінді. Бурда – шапан, пальто деген сөз.
Имам Бусайри қуанып таң намазына бара жатқанда бір тақуа кісіні кездестірді. Имам Бусайриге: «Қасиданы тыңдағым келеді» деді. «Менің қасидаларым көп қой. Әрбірін бәрі біледі» деді. «Ешкім білмейтін, осы түнде Расулуллаһқа оқып берген қасидаңды тыңдағым келеді» деген кезде «Мұны ешкімге айтпаған едім, Қайдан білдің?» деп сұрады. Ол кісі де дәл сол түсті көргенін айтып берді.
Бұл қасида науқастарға оқылса, ауруынан жазылғандығы, оқылған жерлердің дерттерден, пәлекеттерден сақталатындығы көп байқалған. Пайдалану үшін сену және халис ниетпен (ықыласпен) оқу керек. Қасида-и бурда төменде Ислам әріптерімен көрсетілген:
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024